Қазақстандық дәрігер «Призвание» сыйлығының иегері атанды. Бұл марапат Ресейде 20 жылдан бері озық қызметкерлерге табысталып келеді. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Диляра Қайдарова онкофертильдік бағдарламаны жүзеге асырғаны үшін үздіктердің қатарынан табылды. Бұл жоба қатерлі ісікке шалдыққандарға өмірге дені сау сәби алып келуге мүмкіндік береді, оны Қазақстан мен Ресейдің дәрігерлері бірлесіп жүзеге асырған.
Диляра Қайдарова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы:
Бұл сыйлықты «Мединица саласында жаңа бағыт ашқаны үшін» аталымы бойынша алып отырмыз. Қазақстанда онкофертильділік бағдарламасын жүзеге асырғанымызға он жылдан асты. Жаңа әдіс бойынша елуден астам бала дүниеге келді.
Индира Бегайдар