Өткен тәулікте 1068 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1068 адам коронавирус жұқтырған

16.06.2021

Енді эпидахуал бойынша статистикаға тоқталсақ. Елордада коронавирустың беті қайтар емес. Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта» тұр. Ал, «сары деңгейде» Атырау, Батыс қазақстан, Қарағанды облыстары бар. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Ел бойынша күн сайын індетке шалдыққандардың жалпы саны азайып келеді. Кеше 1068 адамның вирус жұқтырғаны анықталып, 15 науқас қайтыс болған. Вирустық белгілері бар пневмонияға 60 адам шалдыққан. Ал, бүгінде 21 мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың 400-ден көбі ауыр жағдайда. Екпе алғандар саны 2 млн 547 мыңнан адамнан асты.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу