Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-17:30 аралығында Женевада Байден-Путин саммиті басталады. АҚШ пен Ресей президенттері екі мемлекет қатынастары тым нашарлап кеткен шақта кездесіп жатыр.
Алып державалардың лидерлері өздерінің алғашқы бетпе-бет жүздесуінде стратегиялық ядролық қаруды бақылау, Мәскеуге жарияланған санкциялар, кибершабуылдар және Ресейдің Америкадағы сайлауларға араласуы проблемаларын талқылайды.
Мәскеу де, Вашингтон да бұл саммит Америка-Ресей қатынастарын біршама тұрақты әрі айқын етеді деп үміттеніп отыр. Алайда, Путиннің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаков кездесу соңында қандайда бір келісім жасалатынына сенімді емес екенін мәлімдеп отыр.
Арыстан Рысбек