Баянауыл ауданында қола дәуірінен қалған ескерткішті белгісіз біреулер қиратып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауыл ауданында қола дәуірінен қалған ескерткішті белгісіз біреулер қиратып кеткен

15.06.2021

Павлодар облысының Баянауыл ауданында қола дәуірінен қалған археологиялық ескерткішті белгісіз біреулер қиратып кеткен. Ғалымдардың айтуынша бұл жерде көне молалардың орны болған. Некропольдің сырты қоршалмағанымен 3,5 мың жылдық тарихы бар ескі қабірлер деп жазылған қалқаншалар орнатылған. Олар да зым-зия жоқ. Мемлекет тарапынан қорғалатын сакральді ескерткішке қаншалықты залал келтірілгенін енді археолог ғалымдар анықтайды. Ал, полиция бұзақыларға іздеу жариялады.

Марина Кәрімова,   өлкетанушы:
12-ші маусым сенбі күні экскурсияға келсек, тастар шашылып, бұзылып жатқан қабірді көрдік. Туристерді жиі апаратындықтан бірден байқадым, ғасырлар бойы мызғымаған тастарды теуіп қозғаған. Экскурсияға келген адамдар бұлай жасамайды, машинаға мініп әдейі қамданып келгенге ұқсайды. Білмей жасады деп айта алмаймын.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу