Ресейдің Сібір және Қиыр Шығыс аймақтарындағы бірнеше ауданда орман өртеніп жатыр. Жасыл желекті шарпыған жалынды сөндіруге жүздеген маман жіберілді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ең қиын жағдай Якутия мен Иркутск облысында қалыптасып отыр. Бұл өңірлерде тілсіз жаудан 35 мың гектар орман алқабы зардап шеккен. Апат жайлаған аймақтардан құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.
Арыстан Рысбек