Көкшетауда қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті ұсталды

15.06.2021
Көкшетауда қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті ұсталды

Көкшетауда қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті ұсталды. Ол шамамен 60 адамды алдап, 24 миллион теңгені қалтасына басқан. Күдікті ватсап әлеуметтік желісі арқылы топ ашып, еселеп табыс табасындар деп жұртты сендірген. Қаржыны жинап, арам ойын іске асырған соң, із-түссіз кетеді. Сан соғып қалғандар құқық қорғау органдарына жүгінеді. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Бұл облыста жыл басынан бері анықталған төртінші қаржы пирамидасы. 

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу