UEFA EURO 2020: Бүгін Франция-Германия құрамалары кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

UEFA EURO 2020: Бүгін Франция-Германия құрамалары кездеседі

15.06.2021
UEFA EURO 2020: Бүгін Франция-Германия құрамалары кездеседі

Бүгін 15 маусымда Мюнхенде UEFA EURO 2020 чемпионаты аясында Франция-Германия құрамалары кездеседі. Биыл бұл құрамалар Португалия және Венгриямен бір топқа түсіп отыр.

Француздар EURO 2020 додасының басты фавориті саналады. Ал 2014 жылғы Әлем біріншілігінің жеңімпазы Германия құрамасы да бас жүлдеден үміткерлердің қатарында.

Франция-Германия матчы сағат 00:50-де «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойынды арнаның ресми сайтынан, сондай-ақ «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан да онлайн көруге мүмкіндік бар.

16-шы Еуропа біріншілігі 2021 жылдың 11 маусым - 11 шілде аралығында өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер чемпионаттың барлық ойындарын «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналарынан тікелей эфирде көре алады.

Хабарламаларға жазылу