Енді елдегі эпидахулға келсек. Қазір 12 өңір вирустың таралуы бойынша жасыл аймақта тұр, ал 4 облыс орташа деңгейде. Тек Нұр-Сұлтана қаласы ғана қызыл аймақта.
Күн сайын індетке шалдыққандар да азайып келеді. Кеше 967 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 11 адам шалдығып, 8 адам қайтыс болған. Ал, бүгінде 21 мыңнан астамы емделіп жатыр, олардың 500-ден көбі ауыр жағдайда. Екпе алғандар саны 2 жарым миллионнан асты.