Президент АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады

14.06.2021

Президент АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады. Кездесу барысында Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары, АҚШ пен НАТО әскерлерінің бұл елден шығарылу барысы талқыланды. Сонымен қатар Ауғанстанның тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қалпына келтіру жөніндегі екіжақты және көпжақты іс-қимылдарды үйлестіру мәселесі сөз болды. АҚШ-тың арнаулы өкілі Қазақстан Президентінің Ауғанстандағы тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған халықаралық іс-қимылдарға қосқан үлесін жоғары бағалады. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу