Полицейлер қызметтік қаруын Ұлттық бюро қызметкерлеріне кезенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлер қызметтік қаруын Ұлттық бюро қызметкерлеріне кезенді

18.04.2019

Алматы облысының Жаркент қаласында тәртіп сақшылары пара алған. Онысымен қоймай, жемқорлық жасау дерегін анықтағандарға оқ атқан. Олар - Панфилов аудандық әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, сонымен қатар, екі патрульдік полицей. Олар тәркіленген 2500-ге жуық ондатр терісін қайтып беру үшін жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Арман Бердалин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:

- Патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу тобына 3 оқ атты, үш қызметкер қылмыс орнынан бой тасалады. Аталған факті бойынша Панфилов ауданы полициясы бөлімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігі 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркелді. Қазіргі таңда бой тасалаған тұлғаларды іздестіру іске асырылуда.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу