Қорғалжың қорығында небәрі бес күннің ішінде браконьерлер 100-ден астам киікті атып тастаған. Бастапқыда мүйізі кесілген елу киік атылды деген ақпарат тараған. Алайда, қорық басшылығы олардың саны кейіннен 108-ге жеткенін хабарлады.
Киікті заңсыз ату наурыздың 17-сі мен 21 күндері болған. Қазір бұл факті бойынша 6 адам ұсталған. Оның екеуі «Охотзоопромның» қызметкерлері. Жалпы, заңсыз аң ату азаймай тұр. Былтыр елімізде осындай 180 браконьерлік фактісі тіркелген. Оның 80-ге жуығы киік атуға байланысты. Олардан 300-ге жуық өлі киік пен 350-ге жуық мүйіз алынған.
Жанат Таңсықбаев, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК бас директорының орынбасары:
Киіктерді неғұрлым қорғаштаған сайын, соғұрлым оны атқысы келетіндер де көбейіп жатқандай. Бірінші кезекте оны сатудың жасырын жолдарын тоқтату керек. Сонда киікке сұраныс болмаса, қылмыс та азаяр еді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ