Пандемия салдарынан Қазақстандағы шағын және орта бизнестің төрттен бірі, яғни 25 пайызының жұмысы қайта қалпына келмеуі мүмкін. Қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері осындай болжам жасады. Айтуынша, кәсіпкерліктің қай саласы шығынға батып, түбегейлі жабылатыны биыл күзде белгілі болмақ. Ұлттық банктің апта басында ұсынған мәліметінде ел экономикасы биыл 4 пайызға жуық, келер жылы 4,5 пайызға өсетіні туралы жеткізілді.
Ақерке Бектас