Кран операторы болып жұмыс істейтін азаматтың үстіне техниканың жүк көтеретін бөлігі құлап кеткен деген болжам бар. Оқиғаның нақты қалай болғаны тексеріліп жатыр. Жазым болған жігіт 45 жаста, Түркістан облысының тумасы.
Айта кетейік, өткен жылдың өзінде Атырау облысында осыған ұқсас 35 оқиға тіркелген. Оның бесеуі адам өлімімен аяқталған. Ал, жыл басынан бері 6 жұмысшы қызмет орнында жарақат алып, оның екеуі қайтыс болды.
Игілік Әубәкіров, облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:
- Еңбек инспекциясымен 24 сағаттың ішінде комиссия құрылады. Тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде оқиға не себептен болғаны анықталады. Заң бойынша 10 күннің ішінде қорытындысын шығарамыз.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ