Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі өспейді - министрлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі өспейді - министрлік

09.06.2021
Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі өспейді - министрлік

Нұр-Сұлтанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев пен «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Кездесуде вице-министр Берік Қамалиев депутаттардың ақылы жолдардың тарифі бес есе көтерілетіні туралы ақпараты шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Тарифтер 2013 жылдан бері, яғни Нұр-Сұлтан-Щучинск автожолына төлем жүйесі енгізілгеннен бері өзгеріссіз қалған: жеңіл көлік үшін - 1 шақырымына 1 теңге, жүк көлігі үшін - 1 шақырымына 5-тен 25 теңгеге дейін, яғни, жүк көтергіштігіне байланысты. Бұдан бөлек, вице-министр біздің елде тарифтер басқа мемлекеттермен салыстырғанда төмен екенін баса айтты.

Барлық 4 ақылы учаскеден 2020 жылы 5,7 млрд. теңге түсім түскен. 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ақылы учаскелерден 2,3 млрд теңге жиналған. Түскен қаражаттың барлығы жолдарды күтіп ұстауға бағытталады.

Кездесу барысында, сондай-ақ, министрлікке автожол саласын дамыту жоспарларына қызығушылық танытқан аймақтық депутаттардан сұрақтар түсіп жатты.

Партия депутаттары министрлікке кері байланыс пен қоғамның пікірлеріне жедел жауап бергені үшін алғыстарын білдірді. Тараптар автожол және көлік салаларын дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Хабарламаларға жазылу