«ҚазАвтоЖол» биыл бірінші санаттағы 5 жолдың ақылы болатынын хабарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАвтоЖол» биыл бірінші санаттағы 5 жолдың ақылы болатынын хабарлады

13.06.2021

Жүк көлігін жүргізетіндердің наразылығынан соң «ҚазАвтоЖол» биыл бірінші санаттағы 5 жолдың ақылы болатынын хабарлады. Олар:Щучье - Көкшетау; Қапшагай - Талдықорған; Нұр-Сұлтан - Павлодар; Ақтау - Жетібай – Жаңаөзен;

Ақы өспейді, қолданыстағы тариф қалады деп отыр. Ол бойынша жеңіл автокөліктерге жолдың бір шақырымы 1 теңге. Автобустарға орын санына орай 5 теңгеден 15 теңгеге дейін. Айта кететіні, қалааралық және жергілікті рейс бойынша қатынайтын автобустар төлемейді. Жүк көліктерінің ақысы - артқан жүгіне байланысты 5 теңгеден 15 теңгеге дейін.

Жүк көліктерінің шопырлары жолдардың 15 бөлігі ақылы болады дегеннен соң наразылықтарын көліктерін қаңтарып қойып білдірген.


Хабарламаларға жазылу