Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің заттары табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің заттары табылды

08.06.2021

Он бес тәуліктен бері Сайрам-Өгем табиғи паркінің аумағында жоғалған екі туристі іздеп жатқан құтқарушылар бүгін олардың заттарын тауып алды. Саяхатшылардың калың күртесі, жазғы сүйретпе аяқкиімі мен көрпе-төсектің қабы Айғыржыққан және Өгем өзендерінің қосылған тұсынан 500 метр қашықтықтан табылған. Туристердің бірінің анасы табылған заттардың арасынан өз баласының киімін таныды. Іздеу кезінде табылған заттардың барлығы полиция қызметкерлеріне табысталды. Жоғалған жасөспірімдерді іздеу әрі қарай жалғасуда. Оған 137 құтқарушы, 17 техника мен 1 тікұшақ жұмылдырылған. Бұл іске туыстары да көмектесуде. Іздеу жұмыстары тоғыз бағытта жүргізілуде.

Ерік Сарыбаев, төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:
Іздеу жұмыстары өте қиын таулы шатқалдарда және ағысы қатты Өгем Айғыржыққан өзендірінің бойында жалғасуда.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу