Алматыда жасырын той өткізу тыйылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жасырын той өткізу тыйылмай тұр

07.06.2021

Алматыда 150-200 адамның басын қосып, той өткізу тыйылар емес. Со ңғы төрт күн ішінде 36 тәртіп бұзушы анықталды. Мегаполистің мониторингтік топтары демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Сондай-ақ топ мүшелері түн ішінде компьютерлік клубта отырған 40-қа жуыққа адамды анықтап, карантин талабын бұзғандарды тіркеді. Қала билігі тұрғындарды шектеу шараларын қатаң сақтауға, виирус жұқтыру қаупін азайту мақсатында салтанатты іс-шараларға, адам көп жиналатын жерден аулақ болуға шақырып отыр. 

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу