Алматы облысында ер адам той үстінде тапаншадан оқ атты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында ер адам той үстінде тапаншадан оқ атты

07.06.2021

Қостанайда түнгі клуб жанында жанжал болып, үш адам жарақат алды. Оқыс оқиға қаланың орталық бөлігінде, таңғы алтылар шамасында болған. Сол маңда болған куәгерлер атыс дауысын естігендерін айтады. Алайда шақырумен барып, төбелесті тоқтатқан полиция ешқандай атыс болмағанын айтады. Ауруханаға жеткізілген үш адамның бірінің иық, кеуде тұсына, екіншісінің жамбасына пышақ кірген. Ал үшіншісінің жағы сыныпты.

Ерболат Мырзатаев, Қостанай қаласы пб бастығының орынбасары:
Тергеу барысында жас жігіттердің бір бойжеткен үшін сөзге келгені анықталды. Оның соңы төбелеске ұласып, жанжалға қасындағы достары да қосылған. Ауруханаға жеткізілгендердің жарақатында атыстан зардап шеккен белгілер жоқ. 

 Алматы облысында той үстінде тапаншадан оқ атып, елді түрліктірген тұрғын ұсталды.

26 жастағы азаматтың тапаншасы тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, елдің зәресін ұшырған ер адам дыбысты-жарықты тапанша қолданған. Сондай-ақ той иесі мен мейрамхана қожайынына қатысты да тексеру жүріп жатыр.

Хабиболла Издиев, Алматы қаласының тұрғыны:
Тойда тілек айтуға шығып, аспанға төрт рет оқ аттым. Бұл әрекетім үшін көпшіліктен кешірім сұраймын. Бұндай әрекет екінші мәрте қайталанбайды.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу