Ұлыбритания премьер-министрі AstraZeneca вакцинасын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания премьер-министрі AstraZeneca вакцинасын алды

04.06.2021

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон AstraZeneca вакцинасының екінші дозасын алды. Препараттан кейін үкімет басшысы денсаулығының жақсы екенін айтып, халықты екпе салдыруға шақырды. Соңғы мәлімет бойынша, Біріккен Корольдікте 39,5 миллион тұрғын вакцина алған.

Ал Дания билігі осы AstraZeneca екпесінің қолданылмаған мөлшерін Кенияға жолдайтынын хабарлады. Елде екпенің 358 мыңдай дозасы артық қалған. Препараттың жарамдылық мерзімі шілденің 31-де аяқталатындықтан, оларды неғұрлым тезірек жеткізу жоспарланып отыр. Айта кетсек, наурызда Дания AstraZeneca-ны қолданудан бас тартқан еді.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу