Ол өзге препараттарға қарағанда әлдеқайда арзан болады деп жоспарланған. Өткен тәулікте елдегі 55 мыңдай адамнан инфекция анықталған. Осыған байланысты оппозиция өкілдері биліктен оқшаулау режимін енгізуді талап етіп жатыр.
Ал АҚШ-та «ковидке» шалдыққандар саны 20 миллионнан асты. Алайда Дональд Трамп бұл сандар асыра көрсетілген дейді. Науқастардың көптігінен ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Жерлеу қызметі індеттен қайтыс болғандардың артқанын растап отыр.
Камбоджада 5 аптаға созылған шектеу шаралары жеңілдеді. Мектептер, музейлер мен ойын-сауық орталықтары ашылып жатыр. Елде пандемия басталғалы үш рет локдаун енгізіліп, 382 адамнан «ковид» анықталды.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлыбритания коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын егуді бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/135494/)