Талдықорғанда «Мың бала» жобасы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Мың бала» жобасы жалғасуда

22.02.2017
Талдықорғанда «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының 3-ші кезеңі іске аса бастады. Игі бастама, өзге ұлт өкілдерінің балаларын бір шаңырақ астына жинады.

Жоба мемлекеттік тілді меңгерген оқушылар мен мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің қатарын көбейтті. Халықаралық ана тілі күні аясында оқушылар сарайында «Мәңгілік ел» орталығының тұсауы кесілді.

Бұл жерде қазақ елінің тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі дәріптеліп, шара жастарды бірегейлік пен біртұтастыққа тәрбиелейді.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу