Батыс Қазақстанда жол апаты үшін аудан әкіміне сөгіс берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда жол апаты үшін аудан әкіміне сөгіс берілді

03.06.2021

Батыс Қазақстанда үш адамның өмірін қиған жол апаты үшін аудан әкіміне сөгіс берілді. Бұған дейін аудан басшыларына жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін қатаң шара қолданылатыны жайлы облыс әкімі ескерту берген. Естеріңізге сала кетейік, 16 мамырда Орал-Атырау тасжолында жеңіл көлік екі жылқыны соғысып, бір үйдің үш адамы қаза тапты. Тағы екеуі жарақат алды. Жиырма күн өтсе де жылқы иесі табылмады. Былтыр малдың кесірінен 49 жол апаты тіркеліп, 43 оқиға бойынша малдың иесі ақыры анықталмаған. Сондықтан, ветеринария басқармасының басшысына қатысты қызметтік тексеру басталмақ.

Ғали Есқалиев,  облыс әкімі:
Осы ретте, Қалияр Шадиярұлы, сізге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылады.  Сіздің басқарманың берген ақпараты бойынша, Ақжайық ауданында 6 ай қорытындысымен жылқы малын таңбалау бойынша жылдық жоспары әлі күнге дейін нөл пайызды құрап отыр. Осы негізде сізге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, тәртіптік жауапкершілігіңіз қаралады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу