Алматыда эпидахуал әлі де күрделі. Коронавирус жұқтырған 56 науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде 106 адам жатыр. Жалпы қала бойынша індетке шалдыққандардың саны 70 мыңға жетті. Инфекциялық стационарларда мың жарымға жуық адам ем қабылдап жатса, олардың 56-сы бала. Амбулаториялық бақылауда 1600-ден аса науқас бар.
Мегополисте соңғы тәулікте 2 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Екпе алған қала тұрғындарының жалпы саны 300 мыңнан асты. Қазір мегополисте вакцина алатын 212 пункт жұмыс істеп тұр. 307 егу және 40 көшпелі бригада бар. Қала тұрғындарының вакцина алуға деген қарқыны күн санап артып келеді дейді дәрігерлер.
Арайлым Төреқұлова, қалалық № 12 клиникалық емханасының бөлім меңгерушісі:
Жеке түсіндіру жүргізіліп, вакцинациядан кейінгі жағдайы ескертіледі. Одан кейін келесі сұрақтар бойынша үш күннің ішінде біздің дәрігерлер мен мейірбикелердің ескертпе қағаздарда көрсетілген номерлеріне хабарласып, жауабын алуға болады.
Қуан Нұрақын