Президент Шарын шатқалында қаза тапқан мұғалімді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Шарын шатқалында қаза тапқан мұғалімді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

01.06.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарын шатқалында болған селде балаларды құтқарамын деп өзі ажал құшқан мұғалімді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Еске салайық 29 мамырда Алматы облысындағы Шарын шатқалында сел жүрді. Апат кезінде Алматыдағы гимназиялардың бірінде мұғалім болып еңбек ететін 26 жастағы Мерей Ибрагимов пен кәмелет жасына толмаған бір оқушы қаза тапқан еді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу