Ұлттық арна ашаршылық туралы деректі жоба түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна ашаршылық туралы деректі жоба түсірді

31.05.2021

«Қазақстан» ұлттық арнасы саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жаңа зерттеу әзірледі. Деректі фильмде қазақ даласын жайлаған ашаршылықтың себептері мен салдары туралы кеңінен баяндалады. Тарихшылар мен зерттеушілер қазақ даласында болған зұлматты үш кезеңге бөліп қарастырады. Алғашқы 19-шы жылы болған аштықта қанша қазақ қырылды, 21-22-ші жылдары адам шығыны қалай өсті, 30 жылдардың қасіреті қандай болды деген сауалдарға жауап беріледі. Қарағанды облысы Шет ауданындағы жүздеген адам мәңгі жәй тапқан қорымдар көрсетіледі. Фильмде қазақстандық және шетелдік зерттеушілер сұхбат берген. Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашаршылық тақырыбына мемлекет тарапынан тиісті баға берілгені жөн деген еді. Бұл тақырып жуырда Сенатта талқыланды.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Сенаттың өткізген жиынының мақсаты- сол деректерді анықтап, мына ертең тарих оқулығы жазылғалы жатыр. Мемлекет басшысы тапсырма берді. Шет елге арналған тарихи оқулық жазу және Қазақстанның орта біліміне, жоғарғы білімге жеке оқулық жазу керек деген. Сол тарихи кітаптың ішінде біз қалай деп жазуымыз керек. Соның бәріне анық мойындалған шынайы дерек керек.


Хабарламаларға жазылу