Ұлттық арна коронавирус туралы деректі фильм ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна коронавирус туралы деректі фильм ұсынады

19.03.2021

Ұлттық арна ұжымы коронавирус туралы деректі фильмді назарларыңызға ұсынады. «Көбелек әсері» деп аталатын жобада пандемия кезіндегі қиындықтар, халықтың жан күйзелісі, дәрігерлердің еңбегі мен вакцинаның маңызы айтылады. Бір жылда елдің жағдайы қалай өзгерді, қай салаға ауыр соққы болды. Деректі фильмді неге «Көбелек әсері» деп аталды? Жауабын жексенбі «Апта» сараптамалық бағдарламасынан кейін сағат 20:50-де көре аласыздар.

Раушан Сайлауқызы 

Хабарламаларға жазылу