Семейде сауда орталықтарында екпе салу пункттері ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде сауда орталықтарында екпе салу пункттері ашылды

28.05.2021

Семейде ірі сауда орталықтарында вакцина салатын орындар жұмыс істей бастады. Ең алғаш болып халық көп шоғарланатын «Ақшың» сауда орталығында егу пункті құрылды. Нысанда күнделікті 2 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істесе, келіп-кетушілердің саны 10 мыңнан асады. Сондықтан, тұрғындарға бұл жерде вакцина алу өте қолайлы. Қазір індетке негізінен «Hayat-Vax» вакцинасы егіліп жатыр. Бір күннің өзінде 100-ге тарта тұрғын екпе салғызған.

Ерлан Жақыпов, сауда орталығының әкімшілік директоры: 
Келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Медпункт бар осы жерде. Соның ішінде біз осындай орталықты ашып отырмыз екпе жұмыстарын жүргізуге. Келемін деушілер орталықтың бірінші қабатына келіп атсалысуға болады.

Қарағанды облысында көпшілік жүретін қоғамдық орындар мен сауда үйлері, базарларда жылжымалы егу пунктері жұмыс істеуде. Бүгін кеншілер шаһарындағы «Алтын арба» базарында да осындай егу орны ашылды. Мұнда күніне 50-ге жуық адам вакцина алады. Облыс бойынша емханаларда 115 кабинет жұмыс істеп тұр. Бұған қоса барлық шалғай елді мекендерді жылжымалы екпе пунктері аралап жүр. Бүгінгі күнге дейін өңірдегі 158 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 100 мың адам екі компонентін де салдырған.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу