Еуропа Одағы Беларусь экспортына санкция жарияламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Одағы Беларусь экспортына санкция жарияламақ

28.05.2021

Еуро одақ ұшақтың бағытын бұрып, борттағы оппозиционер журналисті тұтқындағаны үшін Беларусь экспортына санкция жарияламақ. Экономикалық шектеудің салдарынан елдегі тыңайтқыштар өндірісі, мұнай және қаржы саласы зардап шегуі мүмкін.

Бұл мәселені одаққа мүше 27 елдің сыртқы істер министрлері Лиссабонда өткен кездесуде талқылады. Кейбір бақылаушылардың ойынша, Брюссель Беларусь үкіметінің жекелеген өкілдерін жазалау тактикасынан бас тартып, секторлық санкцияға көшіп отыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Еуроодақ өз әуе кеңістігіне Беларусь ұшақтарын кіргізбеуді ұйғарған. Яғни, әуе компанияларын Беларусь аспанын айналып өтуге шақырған еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу