Үндістанда коронавирус жұқтырушылар азайып келеді. Соңғы 24 сағатта 186 мыңнан астам адамға «ковид» диагнозы қойылған. 3660 адам көз жұмды. Пандемия басталғалы Үндістанда коронавирус 27 жарым миллион адамнан табылып, 320 мыңға жуығы қайтыс болды. Бұны республиканың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Дегенмен, құрбандар мен жұқтырғандар саны ресми статистикадан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Себебі, шалғайдағы елді мекендерде қауіпті індетке шалдыққандар тізімге ілінбей жатыр деген болжам бар.
Арыстан Рысбек