Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, қарапайым тұрғындар тарапынан сұраныстың күрт артқан. Облыста екпе егу орындары екі есеге көбейді. Кейбір емдеу мекемелерінде вакциналау кабинеттері түнгі 00.00-ге дейін жұмыс істеп жатыр. Бір апта бұрын жеткізілген 10 мың дозаның қазір 60 пайызы қолданылды. Алдағы уақытта жаңа партиясы жеткізілмек. Жалпы аймақта 84 мың адам ерікті түрде екпе алған. Әсіресе,мұғалімдер, медицина және құқық қорғау қызметкерлері белсенді.
Әділбек Серікұлы