Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцина салу пункттері көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцина салу пункттері көбейді

06.04.2021

Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцина салдыру пункттерінің саны артты. Бұған дейін 26 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пунктерінің саны 36-ға көбейді. Вакцина егу кабинеттері барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Екпе салатын мамандар арнайы оқытудан өткен. Бүгінге дейін қалада 8 мың 400-дей адамға вакцина салынды. Олардың дені медицина қызметкерлері, полицейлер мен мұғалімдер. Соңғы тәулікте мегаполисте 30 адамның індетке шалдыққаны анықталды. Оның 14-і инфекциялық стационарға жатқызылып, 16-ын дәрігерлер үй бақылауына алды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу