Екібастұздағы вагон жасау зауыты сатылымға шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздағы вагон жасау зауыты сатылымға шығарылды

12.12.2016
Зауыт басшылығы «төрт күндік жұмыс кестесіне көшіп, 4 сағат қана жұмыс істейтіндерін, бірақ, еңбеккерлер саны қысқармайды. Тіпті, келер жылдың басында сырттан тапсырыс түседі», деп сендірген. Алайда, вагон жасау зауытының 80 пайыз акциясына иелік етіп отырған «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясына еншілес кәсіпорындар зауытты сатуға шығарған.

Бастапқы құны - 3 млрд.теңге. Бірақ, сатып алған ешкім жоқ. «Кезекті саудаға шығарылғанда бағасы да арзандайды. Қожайын ауысқан жағдайдың өзінде зауыт вагон жасауды жалғастырады және жұмысын орындарын сақтап қалады», дейді жергілікті билік өкілдері.


Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу