Азаматтар шетелдегі 5 мыңға жуық жылжымайтын мүлкін декларациялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтар шетелдегі 5 мыңға жуық жылжымайтын мүлкін декларациялады

27.05.2021

Азаматтар шетелдегі 5 мыңға жуық жылжымайтын мүлкін декларациялады. Кірістер комитетінің мәліметінше, өткен жылдарға қарағанда тіркелген мүліктің саны 12,5%-ке азайған. Тұрғындар жылжымайтын мүлікті Ресейден көбірек сатып алған – 3500 нысан. Түркия мен Испаниядан мүлік алған Қазақстан азаматтары да аз емес. 400-ден асады. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінде 69 жылжымайтын мүлік қазақстандықтарға тиесілі. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу