Жетісу облысында жылжымайтын мүлік кадастріне өзгеріс енгізгендер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында жылжымайтын мүлік кадастріне өзгеріс енгізгендер анықталды

02.11.2023

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлік бойынша мәліметін өзгертіп келгендерді анықтады. Тергеп тексеру барысында «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері жылжымайтын мүліктің біріңғай мемлекеттік кадастрі ақпараттық жүйесіне заңсыз кіріп, ондағы азаматттардың жылжымайтын мүлкін жүргізу тарихын ауыстырып келген. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 206 бабы ақпаратты заңсыз жою және жаңарту бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу