Алматы облысында жол ережесін бұзған мектеп түлектері жазаланды
Алматы облысында жол ережесін бұзған мектеп түлектері жазаланды. Әлеуметтік желіде тараған мына видеода жастардың мектеп формасымен жүргендерін байқауға болды. Көліктің терезесінен шығып алғандар басқа жүргізушілерге кедергі келтірген. Тәртіп бұзушылар Жамбыл ауданының 17 және 22 жастағы тұрғындары болып шықты. Екеуі кәмелетке толмаған. Барлығы жауапқа тартылды.
Ақбота Әзірбек, облыстық ПД ресми өкілі:
Төрт көлік те айып тұрағына қойылды. Барлығы 18 әкімшілік хаттама толтырылды. Соның ішінде көлікті мемлекеттік белгілерінсіз басқару, жол қозғалысы кезінде ашық есік және терезеден қарау. Сол сияқты басқа да жол ережесін бұзу бойынша жауапкершілікке тартылды.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында 198 заңсыз қоқыс орны анықталған
19.09.2025, 14:24

Оралда «Анаға тағзым» атты еңселі ескерткіш ашылды
19.09.2025, 14:21
Қарағанды облысында тағы бір жаңа мектеп ашылды
19.09.2025, 14:18
Альпі тауы астымен екі елді жалғайтын туннель салынып жатыр
19.09.2025, 14:15
Йемен хуситтері Израильге зымыранмен шабуылдады
19.09.2025, 14:12
Вице-министр: Барлық өңір жылыту маусымына дайын
19.09.2025, 14:09
Интернет-алаяқтар оқушыларды арбауға кірісті
19.09.2025, 14:06
Қостанай облысында алаяқтарға көмектескен 16 жасөспірім ұсталды
19.09.2025, 14:03