Елордада бүтін бір ғимараттың шатыры отқа оранды. Жалға алынған тұрғын үй мен кеңсе бөлмелері де өртенген. Оқыс оқиға бүгін түс ауа Жангелдин көшесі бойында болды. Қызыл жалынды ауыздықтауға Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Дарын Сағитов