Мектептерде соңғы қоңырау соғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептерде соңғы қоңырау соғылды

25.05.2021

Биыл елімізде 150 мыңға жуық оқушы 11-12 сыныпты, ал 270 мыңға жуық бала 9-сыпыты тәмамадайды. «Алтын белгіге» үміткерлер қатары 9,5 мыңнан асады.

Елордадағы №54 мектеп-лицейде 160 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылды. Әр сыныпқа 20 минут уақыт берілген, 10 минут үзілістен соң келесі сыныпқа кезек келеді. Санитарлық талаптар қатаң сақталған. Сондай-ақ, лицейдің бір оқушысы ұлттық біріңғай тестілеуді тапсырып, 124 балл жинап үлгерген.

Дильназ Досанова, түлек: 
Мен бір апта бұрын ҰБТ тапсырдым, одан 124 балл алдым. Бүгінгі соңғы қоңырауға үстімнен ауыр жүк түскендей қуанып келіп отырмын. Ал жас түлектерге сәттілік тілеймін, ұстаздарыма алғыс білдіремін.

Өзге өңірлерде де соңғы қоңырау рәсімі талапқа сай өткізіліп жатыр. Мәселен, Аягөз қаласындағы көп бейінді қазақ мектеп-гимназиясында 57 түлек мектеп бітірді. Бұл оқу ордасының оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларда топ жарып, биіктерді бағындырып жүр. Мектеп бітірушілер жүрек тебіренте ән салып, қоштасу вальсін биледі.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу