Жамбыл облысында өкпесі жүз пайыз зақымданған науқас құлан-таза айығып шықты. 68 жастағы Талас ауданының тұрғыны үш күн бойы үйде емделіп, ауруын асқындырып алған. Ауруханаға ауыр жағдайда түскен ол 60 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратымен жатқан. Дәрігерлердің уақытылы көмегінің арқасында науқас толық емделіп шықты.
Cәбит Әлдебай