Коронавирусқа шалдыққан әйел сау нәресте босанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа шалдыққан әйел сау нәресте босанды

06.05.2021

Өкпесі 100 пайыз қабынған елордалық келіншек қол-аяғын аман есен бауырына алып, дүниеге сау нәресте әкелді. Айнагүл Оразбекова наурызда №2 қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Ауыр дәрежелі вирустық пневмонияға шалдыққан әйелдің өкпесі түгелдей зақымданған. Бұған қоса оған коронавирус диагнозы қойылған. Дәрігерлер 2 ай бойы жансақтау бөлімінде науқастың өмірі үшін күресті. Босану кезінде әйел өте ауыр халде болған. Осыған қарамастан науқас салмағы 4 келі қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл - Айнагүлдің үшінші баласы.

Гүлжан Байырбекова жұқпалы аурулар бөлімшесінің пульмонолог дәрігері:
Жалпы жағдайы өте жақсы. Палатада өзі жүреді, өзі тамақтанады. Ең бастысы – өздігінен тыныс алуда. Жақын арада Айнагүлді ауруханадан шығаруға дайындап жатырмыз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу