Талдықорғанда автобус апатқа ұшырап, бес оқушы зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда автобус апатқа ұшырап, бес оқушы зардап шекті

24.05.2021

Талдықорғанда оқушыларды тасымалдаған автобус көлік апатына түсіп, бес бала зардап шекті. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8-16 жастағы оқушылар облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген. «Исузу» маркалы автобусты тізгіндеген азамат солға бұрылып, қарсы бағытта келе жатқан «Ауди» көлігіне жол бермеген. Салдарынан автобус «Мазда» көлігіне соғылған. Автобустағы 5 оқушыдан бөлек «Ауди» көлігінің жүргізушісі және оның 56, 23 жастағы жолаушылары ауруханаға түскен.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу