Цифрлық даму вице-министрі Ashyq қосымшасындағы ақаулар үшін кешірім сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрлық даму вице-министрі Ashyq қосымшасындағы ақаулар үшін кешірім сұрады

24.05.2021

Екі мәрте техникалық ақау шыққан Ashyq  жобасы үшін вице-министр кешірім сұрады. Осындай келеңсіздіктен кейін мобильді қосымша сала министрлігінің меншігіне өтті. Енді жүйе жиі жаңартылып тұрмақ. Жалпы, қолайсыздық қайталанбас үшін вирус жұқтыру белгісін анықтайтын Ashyq -тың басқа балама түрі бар. Қазір Aitu сервисі жұмыс істеп тұр. Ал, алдағы уақытта банктік қосымшаларға да осы жүйені енгізу көзделген. Бұл қандай-да бір техникалық проблемаларды алдын алады,-деп түсіндірді. Бүгінде қаржы ұйымдарымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Ashyq  жүйесіне 1,7 млн пайдаланушы тіркелген. 2 мың 631 адамнан «қызыл», 2 мың 74-інен «сары» белгі анықталды. 

Хабарламаларға жазылу