Шығыс Қазақстандағы жазғы демалыс базаларының жұмысына рұқсат берілді. Бастысы, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау - шарт. Бұқтырма су қоймасы, «Рахман қайнарлары», Алакөлдегі демалыс орындарында туристерді қабылдау мен дайындық жүргізу кезінде маскалық режим, әлеуметтік қашықтықты сақтау міндеттеледі. Карантин талаптарының орындалуын үнемі мониторингтік топтар тексеріп отырмақ. Туристерді 1 маусымнан бастап қабылдауға болады. Алайда, санитарлық шектеу шаралары облыс аумағындағы эпидахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Ержан Жақып