Карантин талаптарына өзгерістер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин талаптарына өзгерістер енгізілді

25.08.2020

Елімізде жоспарлы скрининг қайта жанданды. Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді. Осыдан бір ай бұрын медициналық тексерістерге уақытша шектеу қойылған болатын. Бұдан бөлек, бірқатар бизнес қызметінің де қайта іске кірісуіне рұқсат берілді. 

Атырауда карантин шарттарына тағы да өзгертулер енгізіліп отыр. Бас санитардың бекіткен жаңа қаулысына сай, ашық алаңдағы аттракциондарға және демалыс күндері саяхаттауға арналған катерлердің қызметіне тыйым салынды. Сондай-ақ, сенбі-жексенбі күндері азық-түлік дүкендері мен супермаркеттердің жұмысына сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат берілді. Қоғамдық тамақтану орындары 22:00-ге дейін ашық болмақ. 

Айгүл Ысқақова, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Мұның бәрі сақтық үшін ғана қолға алынып отыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу