Таразда болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға жатқызылды. 47 жастағы әйелдің өкше сүйегі сынып кеткен. Оған кеше медициналық жәрдем көрсетіліп, аяғына гипс салғаннан кейін үйіне жіберілген.
Жалпы, қазір ауруханада 4 адамға ем көрсетілуде. Оның екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Барлық қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Таразда көпқабатты үйде жарылыс болып, үш тұрғын қаза болған болатын. Қазір қайғылы оқиғаның шығу себептерін арнайы құрылған үкіметтік комиссия тексеріп жатыр.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ