Түркістанда алаяқ әйел ұсталды. Ол өзін мемлекеттік қызметкермін, мемлекеттік бағдарламамен субсидия алып беремін деп, тұрғындардан 40 мың мен 90 мың теңге аралығында ақша алып келген. Айлакер осылайша 32 адамды сан соқтырып, 1 миллион теңгеден астам қаржысын құртқан. Алданып қалған азаматтардың шағымы бойынша қазір келіншектің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу-тексеру жүргізіп жатыр. Күдікті әйелдің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Ердәулет Пайыз, Түркістан қаласы Полиция басқармасының тергеушісі:
- Жедел тергеу тобы құрылып, осы азаматшаны анықтап, тергеу бөліміне жеткізіліп отыр. Бұл М. есімді азаматшаға бұлтартпау шарасы қолданып, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.