Қытайдың Тибет автономды ауданында құс тұмауы тіркелді. Бұл туралы Қытай ауыл шаруашылық министрлігі хабарлады. Індет Ұлттық қорықтағы дала құстарынан анықталып, эпидемиядан 268 қанатты өліп қалған. Арнайы зартханалық тексеріс нәтижесінде Н5N8 вирусы расталды. Осыдан кейін, ауру құстардың өліктері жойылып, аумақ дезинфекцияланған. Құс тұмауы – үй және дала құстары үшін қауіпті инфекциялық ауру. Биыл ақпанда аталған вирусты адамдар да жұқтыруы мүмкін екені анықталды.
Жансая Қапасқызы