Түркістан облысындағы Сарапхана ауылы айналдыра қазылған терең ордың қоршауында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы Сарапхана ауылы айналдыра қазылған терең ордың қоршауында қалды

19.05.2021

Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Сарапхана ауылы айналдыра қазылған ордың қоршауында қалды. Тереңдігі адам бойынан асатын шұңқырларға тұрғындар мен төрт түлік мал абайсызда түсіп кетіп, мертігіп жатыр. Ол аздай жердің жоқтығынан таудағы жайылымға малын айдаған 3-4 ауданның шаруалары жылқыны үйірімен, сиырды табынымен, қой-ешкіні отарымен ауыл ішіндегі көшемен айдап өтуге мәжбүр. 

Хабарламаларға жазылу