Солтүстік Қазақстанда сабаннан қағаз бен ыдыс жасалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда сабаннан қағаз бен ыдыс жасалмақ

19.05.2021

Солтүстік Қазақстанда сабаннан қағаз бен ыдыс жасалмақ. Экологиялық таза өнім шығаруды «Радуга» серіктестігі жоспарлап отыр. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы мемлекет қолдауына ие болған көпсалалы кәсіпорын күнделікті тұрмысқа қажет мыңнан астам тауар түрін өндіреді. 

Кәсіпорын құрамында 10 цех бар. 1500-ден астам адам еңбек етеді. Өндіріс ошағында кеспе, жүгері таяқшалары сынды тағам түрлерінен бастап, сабын, пластик ыдыстар мен орындыққа дейін шығарылады.

Ирина Демидова, ЖШС қаржылық директоры:
Бизнестің жол картасы» бағдарламасының көмегімен кепсе өндірісін аштық. Қажетті қондырғыларды сатып алу үшін айтарлықтай қаражат қажет. Мемлекет көмегінсіз жоспарымызды осынша қысқа уақытта жүзеге асыра алмайтын едік. 

Мемлекеттік қолдаудың арқасында өндіріс көлемін еселей түскен кәсіпорындардың бірі – «Көкше-Сити» серіктестігі. Зауыт полиэтилен қаптарын шығарады. Бірнеше жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама арқылы несие рәсімдеп, құрал-жабдықтар сатып алды. Жаңа цех ашып, өндірісті ұлғайтты. Былтыр да «Бизнестің жол картасы» жобасы арқасында шаруасы ширай түсті. 

Асылбек Жұмабеков, кәсіпорын директоры:
564 миллион несие алдық. Соның арқасында жаңа цех көтеріп, жаңа өндіріс ашылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. 95 жаңа жұмыс орнын аштық. Бүгінгі күнде 85 адам жұмыс жасауда. Одан әрі өндіріс қуаттылығын арттыра отырып, әлі де жұмыс орындарын ашуды көздеп отырмыз.  

 Биыл Ақмола облысында «Даму» қоры арқылы бизнес нысандарына субсидия беру үшін 2,9 миллиард теңге қарастырылған. Ал несиені кепілдендіруге 517 миллион бөлініп отыр. 

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу