Қоғам қайраткері Әділ Ахметовтің жаңа кітаптары жарық көрді. Елордада ғалымның үш бірдей еңбегінің тұсауы кесілді. Бұл кітаптар - ғалымның ұзақ жылдар бойы тынымсыз зерттеуінің жемісі.
«Бұрынғы америкалық «үндістердің» алтайлық тегі» атты кітабын жазу үшін Әділ Ахметов 30 жыл ізденген. Онда алғашқы америкалықтарды арғы тегі ғана емес, мәдениеті де Орталық Азиямен сабақтас деген батыл тұжырым жасалған. Ал «Ғасыр ғибраты» еңбегінде тәжірибелі саясаткер ретінде әлемнің геосаяси келбеті мен ондағы еліміздің орны жайлы сараптамалық ойлар жазылған. «Түркі әлемінің ырым-тиымдары» атты кітабында көптеген қызықты мәліметтер жинақталып отыр. Ол монографияда түбі бір түркі халықтарының әдеп-ғұрпы жан-жақты сараланып, тыйымдық ұғымдардың түсіндірме сөздігі ұсынылған.
Әділ Ахметов, мемлекет және қоғам қайраткері:
Тіпті америкалық үндістердің де ырым-тиымдары бізге ұқсас. Өйткені біздерден кеткен ғой. Оны да енгіздім. Содан кейін бір мәселені анықтап айтуымыз керек: адамазаттың ырым-тыйымдарының тұп қазығы киелі кітаптарда. Тауратта, Інжілде, Құранда.
Шерхан Жамбылұлы