Экономикалық өсуді қалпына келтіру мақсатында кәсіпкерлік бағытында бірқатар жаңашылдықтар енгізілген. Солардың бірі - бизнес субъектілердің хал-ахуалын жақсартуға қатысты енгізілген толықтырулар. Атап айтқанда, олар жеке тұлғалардың денсаулығы мен экологияны қорғауға және мемлекеттік қауіпсіздікті қолдауға бағытталған. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясаты шеңберінде кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы қағазбастылық процесі оңтайландырылады.
Махамбет Мыңбаев, ҚР Сауда және интеграция министрлігі кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының міндетін атқарушы:
Шара кәсіпкерлердің әкімшілік шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдықтарды осы кәсіпкерлік қызметін реттеуге бағытталған тексерулерді тоқтатуды көздейтін мароторий кезеңінде жүзеге асырылады.
Ламбриан Топузидис